2025 жылдың 24 қаңтарында сағат 10:00 ЖШС «Алматыжылужайэнерго»-ның барлық қазандықтары мен қызметтерінде өрт кезінде эвакуациялау және әрекет ету бойынша жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өтті. Оған 200-ден астам қызметкер қатысты.
Сағат 11:00-12:00 аралығында «Ақкент» қазандығында Алатау ауданының ТЖБ өрт сөндіру қызметінің қатысуымен жер сілкінісінен кейінгі өртті жою бойынша оқу-жаттығу өтті.
Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындығын арттыруға апаттар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың қаупі мен салдарын азайтуға көмектеседі.