Бүгін «Алматыжылужайэнерго» ЖШС - Автокөлік қызметі нысанында азаматтық қорғау жүйесін жақсарту, азаматтық қорғау органдары мен күштерін даярлау шеңберінде, сондай-ақ ТЖ жою кезінде іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін Бас директордың жоспары мен бұйрығына сәйкес арнайы ауыр техниканы тарта отырып, селдік жаттығу өтті. Оқу-жаттығуға «Алматыжылужайэнерго» ЖШС автокөлік қызметінің 17 қызметкері және 6 бірлік техника қатысты.