• Қабылдау бөлмесі тел.: +7(727)292-40-06
  • Казахстан, г. Алматы, ул. Масанчи 48А
  • energy@atke.kz
Алматыжылужайэнерго
Алматытеплокоммунэнерго

Бас инженер - ЛЕДЕНЦОВ Павел Александрович

Леденцов Павел Александрович
«Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің бас инженері

Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетін тәмамдаған.

1992 жылдың қаңтар айынан бастап кәсіби жолын слесарьдан бастап, бас инженер лауазымына дейін көтерілді. Энергетика саласындағы жалпы еңбек өтілі — 30 жылдан астам.

«Алматыжылужайэнерго» ЖШС-інде 1995 жылдың наурыз айынан бері еңбек етеді. Еңбек жолын 4-разрядты электр станциясын қызмет көрсетуші слесарь болып бастаған. Кейін қазандықтың 5-разрядты оператор, ауысым бастығы, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандықтың аға шебері қызметтерін атқарған.

2004 жылдың тамыз айында еңбек бөлімінің жетекші инженері, ал 2006 жылдың қаңтар айында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

2011 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік пайдалану ауданының бас инженері, ал 2012 жылдың қыркүйегінен бастап осы ауданның бастығы қызметін атқарды.

2014 жылдың маусым айынан бастап өндірістік-техникалық басқарма бастығының орынбасары болып еңбек етті.

2017 жылдың шілдесінен 2023 жылға дейін бас инженердің орынбасары қызметін атқарып, серіктестіктің нысандарын жылумен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын арттыруға зор үлес қосты.

Мамандығын жетілдіруге үнемі ұмтылады, жоғары жауапкершілік пен бастамашылдық танытып, қойылған міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындайды.

2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қыркүйегіне дейін «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің бас инженері қызметін атқарды.
2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қазанына дейін бас инженердің орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылдың қазан айынан бастап қайтадан «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің бас инженері болып тағайындалды.