Аким Алматы Дархан Сатыбалды ознакомился с ключевыми объектами городской энергосистемы
28 мая аким города Алматы Дархан Сатыбалды с рабочим визитом посетил ряд стратегически важных объектов теплоснабжения мегаполиса — котельные ТОО «Алматытеплокоммунэнерго».
В рамках объезда глава города побывал на районной котельной «Орбита», которая обеспечивает теплом и горячей водой южные микрорайоны Алматы, включая «Орбита 1-4», «Алмагуль», а также жилые дома и социальные объекты на улице Аскарова в южной части города. Акиму Алматы доложили, что согласно проектным решениям, на месте двух ранее демонтированных подземных баков на территории котельной «Орбита» планируется установка пяти новых аккумуляторных баков суммарным объёмом 10 тысяч тонн горячей воды.
Их основное назначение — компенсация потерь в тепловых сетях и обеспечение стабильного горячего водоснабжения потребителей.
На сегодняшний день уже смонтированы и введены в эксплуатацию два бака, завершены монтажные работы третьего. Ведётся подготовка к заливке фундамента под установку четвёртого и пятого баков.
Реализация проекта позволит существенно повысить надёжность теплоснабжения и горячего водоснабжения потребителей, находящихся в зоне обслуживания котельной «Орбита».
Также Дархан Сатыбалды ознакомился с ходом расширения котельной «Южная» в Бостандыкском районе. Построенная в 1972 году, сегодня она обеспечивает теплом 356 многоквартирных домов и 39 социальных объектов. Реализация проекта по модернизации и расширению котельной позволит подключить к системе централизованного теплоснабжения дополнительно около 100 тысяч жителей южной части города.
Проект предусматривает строительство нового здания котельного цеха, установку современных водогрейных котлов, резервуаров, очистных сооружений и системы пожаротушения.
Расширение мощностей районной котельной «Южная» станет важным шагом на пути повышения энергетической устойчивости и улучшения качества теплоснабжения южных районов Алматы.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалалық энергожүйенің негізгі нысандарымен танысты
28 мамырда Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен мегаполистің бірқатар стратегиялық маңызды жылумен жабдықтау нысандарын — «Алматыжылужайнэнерго» ЖШС қазандықтарын аралады.
Қала басшысы Алматының оңтүстік шағын аудандарын, соның ішінде «Орбита 1-4», «Алмагүл», сондай-ақ қаланың оңтүстік бөлігіндегі Асқаров көшесіндегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін «Орбита» аудандық қазандығына барды. Алматы әкіміне жобалық шешімдерге сәйкес, «Орбита» қазандығының аумағында бұрын бөлшектелген екі жерасты багының орнында жиынтық көлемі 10 мың тонна ыстық су сақтай алатын бес жаңа аккумулятор багын орнату жоспарланып отырғаны баяндалды.
Олардың негізгі қызметі— жылу желілеріндегі шығындарды өтеу және тұтынушыларды тұрақты ыстық сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда екі резервуар орнатылып, пайдалануға берілді, үшіншісінің монтаждау жұмыстары аяқталды. Төртінші және бесінші бактарды орнату үшін іргетасты құюға дайындық жүргізілуде.
Жобаны іске асыру «Орбита» қазандығына қызмет көрсету аймағындағы тұтынушыларды жылумен және ыстық сумен жабдықтауды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды Бостандық ауданындағы «Оңтүстік» аудандық қазандығының кеңейту барысымен танысты. 1972 жылы салынған, бүгінде ол 356 көпқабатты үй мен 39 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Қазандықты жаңғырту және кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қаланың оңтүстік бөлігінің қосымша 100 мыңға жуық тұрғынын қосуға мүмкіндік береді.
Жоба қазандық цехының жаңа ғимаратын салуды, заманауи су жылыту қазандықтарын, резервуарларды, тазарту құрылыстарын және өрт сөндіру жүйесін орнатуды көздейді.
«Оңтүстік» аудандық қазандығының қуатын кеңейту Алматының оңтүстік аудандарының энергетикалық тұрақтылығын арттыру және жылумен жабдықтау сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам болмақ.