В Алматы начали модернизацию 16 котельных
В рамках «Дорожной карты развития города Алматы» акимат города Алматы финансирует проекты по модернизации систем теплоснабжения. В настоящее время начаты строительно-монтажные работы на 16 котельных, находящихся на балансе ТОО «Алматытеплокоммунэнерго».
В рамках реконструкции на теплоисточниках предусмотрены строительно-монтажные работы, включающие замену устаревшего оборудования, модернизацию технологических систем, а также обновление сооружений и зданий с cоблюдением норм сейсмической безопасности.
Проведение работ в межотопительный период позволит завершить реконструкцию до 1 сентября текущего года и обеспечить надежное, бесперебойное теплоснабжение в отопительный период.
Ожидается, что реализация данного проекта значительно повысит качество предоставляемых услуг, снизит аварийность оборудования и создаст условия для устойчивого развития системы теплоснабжения города.
Алматыда 16 қазандықты жаңғырту жұмысы басталды
«Алматы қаласын дамытудың жол картасы» шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды қаржыландырады. Қазіргі уақытта «Алматыжылужайэнерго» ЖШС құзырлығындағы 16 қазандықта құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Қайта құру шеңберінде жылу көздерінде ескірген жабдықты ауыстыруды, технологиялық жүйелерді жаңғыртуды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, құрылыстар мен ғимараттарды жаңартуды қамтитын құрылыс-монтаждау жұмыстары көзделген.
Жылуаралық кезеңде жұмыстарды жүргізу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қайта жаңғыртуды аяқтауға және жылыту кезеңінде үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл жобаны іске асыру көрсетілетін қызметтердің сапасын едәуір арттырады, жабдықтардың апаттылығын төмендетеді және қаланың жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты дамуына жағдай жасайды деп күтілуде.