• Қабылдау бөлмесі тел.: +7(727)292-40-06
  • Казахстан, г. Алматы, ул. Масанчи 48А
  • energy@atke.kz
Алматыжылужайэнерго
Алматытеплокоммунэнерго

Альбом

Сейсмотренировка 30.04.2025

Алматыда жылу энергетика нысандарында сейсмикалық қауіпсіздік бойынша жаттығу өтті

Бүгін сағат 11:00 «АЖЖЭ» ЖШС-нің барлық 85 қазандығында және 5 қызметінде жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу жүргізілді. Іс-шара Алматы қаласы ТЖД 2025 жылғы 21 сәуірдегі хатына сәйкес және Мемлекет басшысының мегаполистің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде хабарландыру жүйелерінің сигналы бойынша үйлесімді өтті.

Жаттығу ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 «Ақпараттандыру, білімді насихаттау, халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды оқыту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, сондай-ақ «АЖЖЭ» ЖШС Бас директорының ішкі бұйрығы негізінде өткізілді. Оқу-жаттығуға кәсіпорынның 200-ден астам қызметкері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – сейсмикалық  сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде персоналдың іс-қимылын пысықтау және жедел ден қоюға әзірлікті арттыру болып табылады.


В Алматы прошла тренировка по сейсмобезопасности на объектах теплоэнергетики

Сегодня в 11:00 часов на всех 85 котельных и в 5 службах ТОО «АТКЭ» была проведена общегородская сейсмотренировка. Мероприятие прошло синхронно по сигналу систем оповещения в соответствии с письмом ДЧС города Алматы от 21 апреля 2025 года и в рамках реализации поручения Главы государства по обеспечению сейсмической безопасности мегаполиса.

Тренировка проведена на основании приказа МВД РК №494 от 2 июля 2020 года «Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в сфере гражданской защиты», а также внутреннего приказа Генерального директора ТОО «АТКЭ». В учениях приняли участие свыше 200 сотрудников предприятия.

 Цель мероприятия — отработка действий персонала при возникновении чрезвычайных ситуаций сейсмического характера и повышение готовности к оперативному реагированию.