• Қабылдау бөлмесі тел.: +7(727)292-40-06
  • Казахстан, г. Алматы, ул. Масанчи 48А
  • energy@atke.kz
Алматыжылужайэнерго
Алматытеплокоммунэнерго

Альбом

Ближе к производству

Күнделікті таныс кәсіпорын мүлде басқа қырынан көрінсе, көзқарас қалай өзгереді?

Бұл жолы өндіріс туралы қызметкерлердің өздері айтады. Олардың алғашқы әсерлері, шынайы реакциялары және әдетте әкімшілік жұмыстың аясынан тыс қалатын өндіріске деген көзқарасы «Алматыжылужайэнерго» ЖШС өндірістік нысандарына кезекті сапардың бір бөлігіне айналды.

Бағыт «Орбита» қазандығы, Оңтүстік аудандық қазандық (ОАҚ) және «Орманова» қазандығын қамтыды. Алайда басты назар тек үш нысанда емес. Басты назарда — адамдар және олардың өндіріске деген көзқарасы.

Қазандықтардың бізге таныс атауларының артында өзіндік жұмыс ортасы, техникалық шешімдер, үлкен жауапкершілік және өндіріс мамандарының күнделікті еңбек ырғағы тұр. Нысандарда тікелей болу кәсіпорынның осы қырын құжаттар, есептер немесе жұмыс барысындағы хат-хабар арқылы емес, нақты өндірістік жағдайда көруге мүмкіндік береді.

Мұндай сапарлардың құндылығы да осында: өндіріс енді бөлек бір әлем болып көрінбейді. Ол жақындай түседі, түсініктірек бола бастайды және оған деген көзқарас мүлде өзгереді.

Бізді біріктіретін өндіріс.

*

Что меняется, когда привычное предприятие открывается с совершенно другой стороны?

На этот раз о производстве говорят сами сотрудники. Их первые впечатления, живые реакции и взгляд на то, что обычно остаётся за пределами административной работы, стали частью нового выезда на объекты ТОО «Алматытеплокоммунэнерго».

Маршрут прошёл через котельную «Орбита», Южную районную котельную (ЮРК) и котельную «Орманова». Но в центре внимания — не просто три объекта. В центре — люди и их взгляд на производство.

За привычными названиями котельных — своя рабочая среда, технические решения, ответственность и ежедневный ритм производственных специалистов. Именно непосредственное присутствие на объектах позволяет увидеть эту сторону предприятия не по документам, отчётам или рабочей переписке, а в реальных условиях.

И в этом ценность таких выездов: производство перестаёт быть чем-то, что существует где-то отдельно. Оно становится ближе, понятнее и приобретает совершенно другое восприятие.

Производство, которое нас объединяет.