«Медеу» қазандығын толық қайта жаңартумен электрден газбен жылытуға ауыстыру
«Медеу» қазандығында басты корпусты күрделі жөндеуді, қазандықтарды, сорғы агрегаттарын ауыстыруды, құбырлар мен электр жабдықтарын монтаждауды, сондай-ақ жаңа инженерлік желілерді жүргізуді қоса алғанда, реконструкциялау жөніндегі негізгі жұмыстар аяқталды. 4 су жылыту қазандығы мен қосалқы жабдық орнатылды. Жылыту маусымының басында іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталды. 2025 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша екі су жылыту қазандығы жұмыс істеуде, екеуі резервте. Жылу тасымалдағыштың температурасы мен қысымы бекітілген кестеге сәйкес ұсталып тұр.
Қазіргі уақытта ғимаратты абаттандыру және қайта безендіру жұмыстары жалғасуда. Қайта жаңарту «Медеу» биік таулы спорт кешенін дамыту жобасын іске асыру кезінде қолданыстағы тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін төмендетпей, қосымша объектілерді қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Перевод котельной «Медео» с электрического на газовое отопление с полной реконструкцией основного и вспомогательного оборудования
На котельной «Медео» завершены основные работы по реконструкции, включая капитальный ремонт главного корпуса, замену котлов, насосных агрегатов, монтаж трубопроводов и электрооборудования, а также подведение новых инженерных сетей. Установлены 4 водогрейных котла и вспомогательное оборудование. В начале отопительного периода были закончены пусконаладочные работы. По состоянию на 14 января 2025 года в работе находятся два водогрейных котла, два в резерве. Температура и давление теплоносителя выдерживаются согласно утвержденным графикам.
В настоящее время продолжаются работы по благоустройству территории и косметический ремонт помещений. Реконструкция позволит обеспечить подключение дополнительных объектов при реализации проекта развития высокогорного спортивного комплекса «Медео» без снижения качества и надежности теплоснабжения существующих потребителей.