• Қабылдау бөлмесі тел.: +7(727)292-40-06
  • Казахстан, г. Алматы, ул. Масанчи 48А
  • energy@atke.kz
Алматыжылужайэнерго
Алматытеплокоммунэнерго

Альбом

Отопительный сезон 2026-2027

9 қазанда Алматыда 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы басталады. Осы маңызды кезеңге орай «Алматыжылужайэнерго» ЖШС қазандықтарында қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпорын нысандарында жоспарлы жөндеу және профилактикалық жұмыстар атқарылып, негізгі және қосалқы жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың, соның ішінде түтін мұржаларының, аккумуляторлық бактар мен резервуарлардың техникалық жай-күйі тексерілді. Бұл кешенді шаралар қазандықтардың жылыту маусымы бойы сенімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазандықтардың жұмысы мамандардың тәулік бойғы бақылауында. Олар температура мен қысым көрсеткіштерін, жабдықтардың жұмыс параметрлерін және технологиялық процестердің белгіленген талаптарға сәйкестігін тұрақты қадағалайды.

Жылыту маусымы қарсаңында кәсіпорынның ірі қазандықтарының бірі — «Жас Қанат» нысанында болып, өндірістік жұмыс барысымен таныстық. Бейнерепортажда қазандықтың ішкі жұмысын көрсетіп, нысан басшысынан жүргізілген дайындық шаралары мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер туралы сұрадық.

Қала тұрғындарының үйлеріндегі жылу мен жайлылықтың артында мамандардың күнделікті еңбегі, кәсіби жауапкершілігі және бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысы тұр.

Жылудың үйлерімізге жетер жолы дәл осы қазандықтардан басталады!


9 октября в Алматы начинается отопительный сезон 2026–2027 годов. К этому важному этапу на котельных ТОО «Алматытеплокоммунэнерго» проведён комплекс подготовительных мероприятий.

На объектах предприятия выполнены плановые ремонтные и профилактические работы, проверено техническое состояние основного и вспомогательного оборудования, зданий и сооружений, в том числе дымовых труб, аккумуляторных баков и резервуаров. Комплексная подготовка всех этих элементов имеет важное значение для надёжной и безопасной работы котельных на протяжении отопительного сезона.

Работа котельных находится под круглосуточным контролем специалистов. Сотрудники отслеживают показатели температуры и давления, рабочие параметры оборудования и соблюдение установленных технологических режимов.

Накануне начала отопительного сезона мы побывали на одной из крупных котельных предприятия — «Жас Канат». В видеорепортаже показываем производственные процессы изнутри, а начальник котельной рассказывает о проведённых работах, готовности оборудования и задачах специалистов на предстоящий период.

За теплом и комфортом в домах стоят ежедневный труд специалистов, их профессионализм, ответственность и слаженная работа целой команды.

Именно здесь, в котельных, начинается путь тепла к нашим домам!