«Бір күн – бір кәсіп»: болашақ мамандар «Ақкент» қазандығында
Мамандықты таңдаудың ең жақсы жолдарының бірі – оның қыр-сырын өз көзіңмен көру.
«Бір күн – бір кәсіп» челленджі аясында Алматы облысы Кемертоған ауылындағы «Жайлы мектептің» 10 «А» сынып оқушылары «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің «Ақкент» қазандығына кәсіби бағдар беру экскурсиясына келді.
Оқушылар алдымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтіп, өндірістік нысанның жұмысымен танысты. Қазандық бастығы Мәди Адманов жылу өндіру үдерісін, жабдықтардың жұмыс істеу қағидаларын және инженерлік-техникалық мамандықтардың маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар оқушылар «Қамқор» жобасы аясындағы «Су – тіршілік көзі» челленджіне қатысып, судың құндылығы, ғылым мен технологияның рөлі және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану туралы ойларымен бөлісті.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың өндіріс саласына қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына жол ашады.
*
«Один день — одна профессия»: будущие специалисты на котельной «Аккент»
Один из лучших способов познакомиться с профессией — увидеть её изнутри.
В рамках челленджа «Бір күн – бір кәсіп» («Один день — одна профессия») ученики 10-го «А» класса Комфортной школы села Кемертоган Алматинской области посетили котельную «Аккент» ТОО «Алматытеплокоммунэнерго» с профориентационной экскурсией.
После обязательного инструктажа по технике безопасности школьники познакомились с производственным процессом. Начальник котельной Мади Адманов рассказал о выработке тепловой энергии, принципах работы оборудования и значении инженерно-технических специальностей.
В рамках проекта «Қамқор» ребята также приняли участие в челлендже «Су – тіршілік көзі» («Вода — источник жизни»), поделившись своими мыслями о ценности воды, роли науки и технологий и необходимости бережного отношения к природным ресурсам.
Такие встречи помогают молодёжи увидеть реальные производственные процессы, заинтересоваться техническими профессиями и осознанно подойти к выбору своего будущего.