• Қабылдау бөлмесі тел.: +7(727)292-40-06
  • Казахстан, г. Алматы, ул. Масанчи 48А
  • energy@atke.kz
Алматыжылужайэнерго
Алматытеплокоммунэнерго

Альбом

КШУ «Қыс - 2026”

Алматыда «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

19 қарашада «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің «Көкжиек» және «Медеу» қазандықтарында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында шартты апат жағдайында қызметкерлерді қауіпсіз жерге эвакуациялау, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және жылумен жабдықтауды қалпына келтіру шаралары пысықталды.

Іс-шараға кәсіпорын мамандары, Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері және тиісті қызметтер қатысты.

Басты мақсат — қыс мезгілінде төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге дайындықты арттыру.

*

В Алматы прошли командно-штабные учения «Қыс-2026»

19 ноября на котельных «Кокжиек» и «Медео» ТОО «Алматытеплокоммунэнерго» состоялись командно-штабные учения по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций.

В ходе учений отработаны действия персонала при условной аварии: эвакуация сотрудников, организация аварийно-восстановительных работ и восстановление теплоснабжения.

В мероприятиях приняли участие специалисты предприятия, подразделения Департамента по чрезвычайным ситуациям и профильные службы.

Главная цель — повышение готовности к оперативному реагированию на чрезвычайные ситуации и обеспечению бесперебойного теплоснабжения жителей в зимний период.